Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі нәтижелер туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің (бұдан әрі – Қағидалар) 13-тармағына сәйкес Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті үш жыл мерзімге келесі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға беру туралы шешім қабылдады:

  • «KAZAKHSTAN AGRODRONDARY агродрондары дамыту Қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі;
  • «Қазақстанның Астық Одағы» Заңды тұлғалардын бірлестігі;
  • «Қазақстан Ветеринариялық Зертханалар Қауымдастығы «ҚВЗҚ» заңды тұлғалардың бірлестігі;
  • «ҚазАлкоТемекі» Қазақстанның алкоголь және темекі өнімдерін адал өндірушілері, импорттаушылары мен сатушыларының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
  • «KazGrow Пішен және Жемшөп Өндіруші-Экспорттаушылар Қауымдастығы» Жеке кәсіпкерлер мен Заңды Тұлғалардың Қауымдастық Нысанындағы Бірлестігі;
  • «KazGrain» Ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
  • «Ветеринария және азық түлік қауіпсіздігінің Республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
  • «Қазақстанның Шошқа өсіруші шаруашылықтарының Одағы» қауымдастық нысанындағы жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бірлестігі

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі

 

Аккредиттеу жөніндегі нәтижелер туралы хабарландыру
Дата публикации
09 апреля 2025