«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы

 «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі –Министрлік)  «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Жалғыз акционері Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар лауазымына (3 бірлік) конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 3-кіреберіс.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3-ғимарат мекенжайы бойынша Тәуелсіз директорларды іріктеу комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) хатшысы М.С. Әбдірашитоваға қолма-қол немесе электрондық түрде M.Abdirashitova@fcc.kz электрондық почта мекенжайына ұсынылуы тиіс.

 

Қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z10X5B6, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Мәскеу көшесі, 29/3-ғимарат.

ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

  1. Қоғамның мақсаты азық-түлік астығының резервтік қорын сандық-сапалық сақтау арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін жеткізу арқылы ішкі нарықты тұрақтандыруға және экспортты дамытуға ықпал ету болып табылады.
  2. Қоғам қызметінің түрлері:

1) астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақталуын ұйымдастыру, сату;

2) агроөндірістік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асыру;

3) Қоғамның Жарғысында көзделген, Қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін, заңнамалық актілерде тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері болып табылады.

Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлығына кандидаттарға қойылатын талаптар:

Кандидат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 11 ақпандағы № 46 бұйрығымен бекітілген «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келу қажет.

Ауыл шаруашылығы саласында Қоғам қызметінің бағыттары бойынша құзыреттіліктің болуы конкурстық іріктеу кезінде айқындаушы (негіз қалаушы) фактор болып табылады.

Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде:

1) басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;

2) директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;

3) жұмыс өтілі;

4) қолда бар халықаралық сертификаттарды қоса алғанда, білімі, мамандығы;

5) бағыттар мен салалар бойынша құзыретінің болуы (салалар активтердің портфеліне қарай өзгеруі мүмкін);

6) іскерлік беделі;

7) тікелей немесе әлеуетті мүдделер қақтығысының болуы назарға алынады.

Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша қатысу туралы өтініш;

2) кандидаттың түйіндемесі;

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сотталғандығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;

8) оның ауыл шаруашылығы және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар (бар болса);

9) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер;

10) «Тәуелсіз директор» сертификаттауынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) жоғарыда көрсетілген құжаттарды конвертке: «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ тәуелсіз директорына іріктеуге қатысу үшін кандидаттың материалдары___ _ (Т. А. Ә.)» деп белгілей отырып, конвертке салып желімдейді және/ немесе құжаттарды хабарландыруда көрсетілген мекенжайға қолма-қол ұсынады / не Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген электрондық почтаға  «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ тәуелсіз директорына іріктеуге қатысу бойынша деп көрсете отырып  жолдайды.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) құжаттарды қолма-қол ұсынған кезде (не құжаттарды Министрлікке почтамен жолдаған кезде) осы конвертте қатысушының (кандидаттың) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынады.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша Министрлікке жолдануға тиіс;

2) «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу» деген сөздер жазылған болуы керек.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімді құжаттармен бірге электрондық почтаға жіберген кезде Іріктеуге қатысушы (кандидат) олардың дұрыстығына, сондай-ақ ұсынылатын құжаттардың сапалы бейнесіне жауапты болады.

Бұл ретте кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) құжаттардың сапасы төмен: оқылмайтын, бұлыңғыр не толық сканерленбеген құжат негіздері бойынша құжаттарды ұсынған қатысушының өтінімін қабылдамауға құқылы.

  Құжаттарды электрондық почтаға жіберген жағдайда:

 1) барлық құжаттарды бір хабарламамен жіберу керек;

2) қоса берілген әрбір файлдың мазмұнына сәйкес келетін нақты атауы болуға тиіс;

3) электрондық хабарлама тақырыбында «Тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидаттың құжаттары (Т.А.Ә.)» көрсетілу керек.

Байланыс телефондары: (7172) 591-231, 8-775-152-23-52.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні - Министрліктің интернет-ресурсында конкурс өткізу жөнінде хабарландыру орналастырылған күн.

Кандидаттың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Министрлікте әңгімелесу өткізіледі.

  Комиссия Іріктеуге қатысушылармен (кандидаттармен) әңгімелесу жүргізу кезінде олардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Органикалық өндіріс туралы», «Тауар биржалары туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, «Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу туралы қағидалары, Қоғамның Жарғысы, Қоғамның корпоративтік басқару кодексі бойынша білімдері тексеріледі.

Іріктеуге қатысатын және әңгімелесуге жіберілген қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда, техникалық байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

1- қосымша

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК»

АҚ тәуелсіз директорына үміткерлерге

қойылатын біліктілік талаптары

 

  1. Қоғамның Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін кандидат мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс:

 

  1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20-тармағына сәйкес тәуелсіз директор мәртебесіне сәйкес келеді, оның ішінде:

1) Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудан бұрын 3 (үш) жыл ішінде болмаған (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда);

2) Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;

3) Қоғамның немесе Қоғамның үлестес тұлғаларының ұйымдарының лауазымды адамдарына бағыныстылықпен байланысты болмаса және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы 3 (үш) жыл ішінде осы тұлғаларға бағыныстылықпен байланысты болмаса;

4) мемлекеттік қызметші болып табылмайды;

5) Қоғамның аудиторы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы 3 (үш) жыл ішінде болмаған;

6) аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғам аудитіне қатыспайды және өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы 3 (үш) жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған.

  1. Қолда бар халықаралық сертификаттарды қоса алғанда жоғары білімі (және/немесе «магистр» дәрежесі болған жағдайда) бар немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі бар болса жақсырақ. Өзге тең жағдайларда қоғамның негізгі қызметіне сәйкес келетін салада немесе қаржы немесе басқару (менеджмент) саласында білімі бар кандидаттарға артықшылық берілуі тиіс.
  2. Компанияларда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде: ұйымның бейінінде экономикалық қызмет түріндегі мамандық бойынша жұмыс өтілі немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде 15 жыл, оның ішінде жеке секторда, қаржылық есептілікті дайындау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау саласында, мүмкіндігінше ауыл шаруашылығы саласындағы компанияларда жұмыс тәжірибесі бар, Қоғамның негізгі қызметіне сәйкес келетін листингілік/жария компанияларда Директорлар кеңесі мүшесінің позициясында және/немесе басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.
  3. Директорлар кеңесінің/Байқау кеңесінің мүшесі ретінде кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі бар, Корпоративтік басқарудың озық практикаларын енгізу, компания қызметінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар, ол кейіннен Қоғамның дамуына елеулі үлес қосады.
  4. Тәуелсіз директордың функционалдық міндеттеріне, Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелікке байланысты белгілі бір салаларда арнайы дағдыларға, жеткілікті дамыған коммуникативтік дағдыларға ие, жұмыста ашықтық, объективтілік, конструктивтілік және кәсібилік қағидаттарына негізделеді.
  5. Қоғаммен операциялардың көлемі мен сипатына ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпаратқа ие болуы керек, оның ішінде түсінік көрсетуі керек:

1) реттеушілік міндеттемелер;

2) ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелес ортаны;

3) Корпоративтік қаржы, аудит және ішкі бақылау, стратегия және/немесе Қоғамның Директорлар кеңесінің тиісті комитетіне мүшелік кезінде сараптамалық пікірді қамтамасыз ету үшін тағайындау және/немесе сыйақы мәселелері бойынша ерекшеліктер ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

  1. Ұсынылған ақпаратты кешенді түрде талдауға және объективті бағалауға және заңдылық, әділдік және барлық акционерлерге тең қатынас қағидаттары негізінде мәселе бойынша тәуелсіз ұстанымды әзірлеуге қабілетті. Кандидат өз пікірін білдіруге және көпшілік пікірінен өзгеше болса да, оны ұстануға қабілетті.
  2. Іскерлік және/немесе салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие, жоғары этикалық нормаларды ұстанады. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілері жоқ.
  3. Директорлар кеңесінің жұмысына Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдарды тиісінше зерделеу үшін де қатысуға жеткілікті уақыты бар.
  4. Тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болмауы.
  5. Басқа 4-тен (төрт) көп компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі бола алмайды.

 Мыналар тәуелсіз директорларға үміткер тұлға бола алмайды:

 Бұрын басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері лауазымын мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде атқарған. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.

  1. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
  2. Директорлар кеңесінде жұмыс істеуден басқа, акцияларды иеленетін акционерлермен, Басқарма мүшелерімен Қоғаммен қандай да бір қатынастармен байланысты.
  3. Бәсекелес ұйымның қызметкері немесе лауазымды тұлғасы.

 2- қосымша

Өтініш

Осымен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз директор ретінде сайлануға өз келісімімді растаймын. Сондай - ақ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның үлестес тұлғасы болып табылмайтынымды және соңғы үш жыл ішінде олай болып табылмағанымды, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ -ның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтынымды және олардың лауазымды тұлғаларымен – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның үлестес тұлғаларымен бағыныстылығымен байланысты емес екенімді растаймын; мен мемлекеттік қызметкер емеспін; мен осы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ -ның аудиторы емеспін және соңғы үш жыл ішінде олай болып табылмадым, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспадым және соңғы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспадым.

 

__________(қолы)

__________ (Т. А. Ә.)

Күні

202___жылғы «___» ______

         

 

 

3- қосымша

 

 

 

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ»

АҚ тәуелсіз директоры лауазымына кандидат туралы мәліметтер

 

  1. Жалпы мәліметтер

 

Аты, әкесінің аты ,тегі

 

Туған күні және туған жері

 

Тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері

 

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

 

 

  1. Үлестестігі туралы мәліметтер:

 

Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інісі, апа-сіңлісі (қарындасы), балалары), сондай-ақ жекжаттары (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі (қарындасы), ата-анасы, балалары) туралы мәліметтер

 

№

Т.А.Ә.

Туған күні, айы, жылы

Туыстық қатынастығы

Жұмыс орны, қызметі

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

6

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы туралы мәліметтер:

 

№

Заңды тұлғаның атауы, БСН

Қызмет түрлері

Жарғылық капиталдағы сома және үлес

1

 

 

 

2

 

 

 

 

  1. Кәсіби деректер

 

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіптік білімі

 

Қосымша білім беру, оның ішінде жұмыс істейтін саладағы біліктілікті арттыру курстары, ғылыми дәрежелері

 

Қаржылық қызметтерді көрсету және (немесе) реттеу саласындағы, оның ішінде жұмыс істеуге ниеттенген саладағы жұмыс тәжірибесі

(ішкі аудит қызметінің басшылары, бас бухгалтерлер толтырады)

 

(қаржы ұйымдарында жұмыс істеген жылдарының санын, қызмет түрлері бойынша аудитор, бухгалтер лауазымдарын атқарғанын көрсету)

Жұмыс істеуге ниетті саладағы басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі

(қолда бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдылары)

Директорлар кеңесінің құрамындағы жұмыс тәжірибесі

 

Тілдерді білуі

 

Қоғам қызметінің бейініне ұқсас бизнесті білу

 

Шетелдегі жұмыс тәжірибесі

 

Тәуелсіз директордың жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі

 

Листингтен өткен/ өтіп жатқан компаниялардағы жұмыс тәжірибесі

 

Директорлар кеңесінің комитетін басқару мүмкіндігі

 

Жетістіктері

 

Кәсіби ұйымдарға мүшелігі

 

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

 

 

  1. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

 

№

Жұмыс кезеңі (айы, жылы)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары мен лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

1

 

 

2

 

 

3

 

 

4

 

 

5

 

 

6

 

 

7

 

 

 

  1. Басқа мәліметтер:

 

Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар, Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығының болуы

 

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы

 

Бұрын банкрот деп танылған не оған катысты мәжбүрлеп тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған ұйымның басшы қызметкері болған

 

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

 

 

Мен, _____________________________, осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын және мен ұсынған дәйексіз мәліметтердің болуы менің тағайындауыма (сайлануыма) келісімді қайта қарау (кері қайтарып алу) үшін негіз болып табылатынын мойындаймын.

 

(қолы, күні)

 

 

 

 

 

 

 

Хабарландыру
Дата публикации
20 февраля 2025