Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер және өсімін молайту мақсаттары үшін алу туралы

Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер және өсімін молайту мақсаттары үшін алу туралы

 

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналарды:

1) 2025 жылғы 15 наурыздан 31 желтоқсанға аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнев, Түлен, Кендирли және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ғылыми-зерттеу мақсаттарында ен салып, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін каспий итбалығының 156 дарағын;

2) 2025 жылғы 1 наурыз – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Алматы облысының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан балық басын толықтыратын аналық балық үйірі қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды қалпына келтіру үшін ғылыми мақсатта 500 килограмм көлемінде арал пілмайын;

3) 2025 жылғы 1 наурыз – 31 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы шегінде Сырдария өзенінен балық басын толықтыратын аналық балық үйірі қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды қалпына келтіру үшін ғылыми мақсатта 300 килограмм көлемінде арал қаязы;

4) 2025 жылғы 1 наурыз – 30 қараша аралығында кезенде Павлодар және Абай облыстарының шегінде Ертіс өзенінен балық басын толықтыратын аналық балық үйірі қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды қалпына келтіру үшін ғылыми мақсатта 300 килограмм көлемінде ақбалықты;

5) Каспий теңізінің Маңғыстау облысы шегіндегі қазақстандық секторының акваториясынан кейіннен мекендеу ортасына шығара отырып, өсімін молайту мақсаттарда арнайы құрылған жағдайларда өсіру үшін
26 килограмм  көлемінде каспий албыртын 2025 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алуға рұқсат етілсін.

  1. Арал пілмайының бір килограмын алып қоюға төлем мөлшерлемелері 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, арал қаязының бір килограмына 0,013 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және ақбалықты мен каспий албыртын бір килограмына 0,017 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға ғылыми зерттеулер мен өсімін молайту мақсаттары үшін каспий итбалықтарының дарақтарын, арал пілмайының, арал қаязының, ақбалық мен каспий албырты көрсетілген көлемдерін алып қоюға рұқсат берсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                    О. Бектенов

 

 

Қаулы жобасы
Дата публикации
19 февраля 2025