Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы бұйрық жобасына баспасөз-релизі
Бұйрық жобасымен, жаңа Бюджет кодексінің жобасын іске асыру үшін, Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту, «Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 245 бұйрығын күші жойылды деп тану көзделеді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.