БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:
3-тармақта:
8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) – қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржы лизингіне арналған тауарлар тізбесіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);»;
26) тармақша алып тасталсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) түпкілікті қарыз алушы – КС-мен қарыз шартын жасасқан және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржы лизингіне арналған тауарлар тізбесіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын КС қатысушысы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:
1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған;
2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайыздың (бұдан әрі – %) теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.
Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) (осы тармақтың жетінші бөлігінде қарастырылған жағдайды қоспағанда) және 2) тармақшаларда көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) % және қарыз алушының теңгемен төлеген 6 (алты) % сомасы арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі субсидияланады.
Бұл ретте, қарыз алушы басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алуды көздейтін, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес қосымша ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды көздейтін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6 (алты) % төлейді.
Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей және тиісті жылға 1 шілдеден кешіктірмей ұсынады. Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган оны СМАЖ-да орналастырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген және ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркеме жабдықты сатып алуды көздейтін қарыздың қалған шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 15 (он бес) % төлейді, мемлекеттік бюджеттен Ұлттық бюджеттің базалық мөлшерлемесінің сомасы арасындағы айырма нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі Қазақстан Республикасының Банкі плюс жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) % және қарыз алушы төлеген 15 (он бес) % теңгемен субсидияланады.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтарға дейін жасалған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан аспайтын қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:
1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған сыйақы мөлшерлемелерін төмендетуді көздейтін мынадай нормативтер бойынша:
теңгемен жылдық 10 (он) пайызға (бұдан әрі – %);
2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға сыйақы мөлшерлемелерін:
теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету көзделеді.
2021 жылғы 4 желтоқсанға дейін жасалған қолданыстағы субсидиялау шарттары бойынша ресей рублімен және өзге валютамен берілген қарыз шарттары шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-дан, өзге валютамен жылдық 3 (үш) %-дан төмендетуге жол берілмейді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ алып тасталсын;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Қағидалар күшіне енгенге дейін жасалған субсидиялау шарты осы Қағидалардың 15-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, субсидиялау шартында көрсетілген шарттарда субсидиялауды жалғастыра береді.
Қолданыстағы қарыз шарты, сондай-ақ субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кредиттік желіні ашу туралы келісім шеңберінде жасалған қарыз шарты бағдарламаға 1 (бір) реттен асырмай қайта қатысуға жіберіледі.
Бағдарламаға қайта қатысатын қарыз шарттары бойынша субсидиялау осы Қағидалардың 15-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, қарыз алушы ұсыныс берген күннен басталған кезең үшін бұрын мақұлданған субсидиялар сомасын ұлғайтпай, 4 (төрт) жыл мерзім бойынша талапты қоспай, субсидиялау нормативтері, мерзімдері бөлігінде бұрын жойылған субсидиялау шартында көрсетілген бұрынғы талаптармен қарыз алушы қайта қатысуға ұсынысты берген күннен бастап қалпына келтіріледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қарыз шартының талаптары өзгерген жағдайда (осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда), бұрын мақұлданған және есептелген субсидиялар сомасы ұлғайтылмайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды.
Қаржы институттары уәкілетті органдардың құжаттарына сәйкес қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) үшін жағдайды нашарлататын мән-жайлардың туындауына байланысты, оның ішінде «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу және (немесе) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау нәтижесінде сыйақы мөлшерлемелерін төлеу немесе негізгі борышты өтеу мерзімдерін 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруды ұсынған жағдайда, аталған шектеу қарыз шарттарына қолданылмайды.
Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесін төлеу және (немесе) негізгі борышты өтеу мерзімін 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруға байланысты сыйақы сомасы ұлғайған жағдайда, субсидиялар сомасын ұлғаю жағына қарай қайта есептеу жүргізіледі, сондай-ақ қолданыстағы субсидиялау шартын ұзартуға жол беріледі.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Ұсыныстарды қабылдау қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) орналасқан жері (заңды мекенжайы) бойынша тиісті жылдың 10 қаңтарынан бастап «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, облыстың жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) қарыз шарттары шеңберіндегі жобалар облыс аумағында іске асырылған кезде Астана және Алматы қалаларында орналасқан қарыз алушылардан (көрсетілетін қызметті алушылардан) ұсыныстар қабылдауға рұқсат етіледі.
Ұсыныстарды жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсыныстың келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен қарайды.»;
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шартта қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан орындалмаған міндеттемелерінің болуы. Бұл ретте, егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге дәл келетін болса, онда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі;»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Қолданыстағы қарыз шартының талаптары (меншікті немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну, қарыз шарттары бойынша сомаларды ұлғайту немесе азайту) өзгерген жағдайда, қаржы институты 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, бұл туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етеді.
Егер субсидиялау шарты қағаз түрінде жасалған және электрондық форматқа көшірілмеген болса, онда қаржы институты тиісті хабарламаны қағаз түрінде береді.»;
6-тарау алып тасталсын;
106 және 107-тармақтар алып тасталсын;
110 және 111-тармақтар алып тасталсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
24-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
26-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |