«Қантты кондитерлік өнімдер мен какао ұнтағын өндіру», «Макарон өнімдерін өндіру», «Бөтелкедегі ауыз су өндірісі», «Өлшеп оралған шай өндірісі», «Сусындар өндірісі», «Ашытқы өндірісі», «Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерін өндіру», «Өндірістік тамақ өнімдерін сатудағы менеджмент», «Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндіру», «Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі» кәсіби стандарттарын бекіту туралы

«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Қантты кондитерлік өнімдер мен какао ұнтағын өндіру», «Макарон өнімдерін өндіру», «Бөтелкедегі ауыз су өндірісі», «Өлшеп оралған шай өндірісі», «Сусындар өндірісі», «Ашытқы өндірісі», «Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерін өндіру», «Өндірістік тамақ өнімдерін сатудағы менеджмент», «Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндіру», «Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі» кәсіптік стандарттары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі                                       А. Сапаров

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Қантты кондитерлік өнімдер мен какао ұнтағын өндіру», «Макарон өнімдерін өндіру», «Бөтелкедегі ауыз су өндірісі», «Өлшеп оралған шай өндірісі», «Сусындар өндірісі», «Ашытқы өндірісі», «Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерін өндіру», «Өндірістік тамақ өнімдерін сатудағы менеджмент», «Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндіру», «Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі» кәсіби стандарттарын бекіту туралы
Дата публикации
05 декабря 2024