Жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үлгілік тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 278 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үлгілік тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

Е. Қарашөкеев

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2023 жылғы 28 шілдедегі

№ 278 бұйрығымен

бекітілген

Жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша

мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың

үлгілік тізбесі 

Р/с №

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар*

1

Тұрғын функционалдық аймақтағы жер учаскесіне құқықтарды беру

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Табиғи монополиялар субъектілері (электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру желілері, жылу, телефон және кабель желілері, нөсер кәрізі, газбен жабдықтау желілері)

Тиісті жергілікті атқарушы органның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

2

Әлеуметтік функционалдық аймақта жер учаскесіне құқықтарды беру

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Табиғи монополиялар субъектілері (электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру желілері, жылу, телефон және кабель желілері, нөсер кәрізі, газбен жабдықтау желілері)

Тиісті жергілікті атқарушы органның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

3

Коммерциялық функционалдық аймақта жер учаскесіне құқықтарды беру

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Табиғи монополиялар субъектілері (электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру желілері, жылу, телефон және кабель желілері, нөсер кәрізі, газбен жабдықтау желілері)

Тиісті жергілікті атқарушы органның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Тиісті жергілікті атқарушы органның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (қажет болған жағдайда)

4

Өзге функционалдық аймақта жер учаскесіне құқықтарды беру:

4.1

Теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыр көлігі, инженерлік инфрақұрылым және байланыс, магистральдары құрылыстарымен айналысатын және оларға арналған көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Табиғи монополиялар субъектілері (электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру желілері, жылу, телефон және кабель желілері, нөсер кәрізі, газбен жабдықтау желілері)

Тиісті жергілікті атқарушы органның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Тиісті жергілікті атқарушы органның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

4.2

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы;

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Табиғи монополиялар субъектілері (электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру желілері, жылу, телефон және кабель желілері, нөсер кәрізі, газбен жабдықтау желілері)

Тиісті жергілікті атқарушы органның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Тиісті жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

4.3

Орман қоры;

4.4

Өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су айдындары мен акваториялар;

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Табиғи монополиялар субъектілері (электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру желілері, жылу, телефон және кабель желілері, газбен жабдықтау желілері)

Тиісті жергілікті атқарушы органның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Тиісті жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

4.5

Ауыл шаруашылығын пайдалану;

4.6

Кондоминиум құрамына кірмеген алаңдармен, көшелермен, тротуарлармен, өткелдермен, үй жанындағы жер учаскесімен, жолдармен, жағалаулармен, саябақтармен, скверлермен, орман саябақтарымен, бульварлармен, су айдындарымен, жағажайлармен, зираттармен және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілермен (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және басқа да жалпы пайдаланымдағы Инженерлік жүйелер, сондай-ақ жылу желілері мен жалпы пайдаланымдағы инженерлік жүйелердің қорғау аймақтары);

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Табиғи монополиялар субъектілері (электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру желілері, жылу, телефон және кабель желілері, нөсер кәрізі, газбен жабдықтау желілері)

Тиісті жергілікті атқарушы органның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Тиісті жергілікті атқарушы органның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Тиісті жергілікті атқарушы органның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

4.7

Елді мекенді аумақтық дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған резервтік және қала құрылысы қызметіне тартылмаған өзге де;

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Табиғи монополиялар субъектілері (электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру желілері, жылу, телефон және кабель желілері, нөсер кәрізі, газбен жабдықтау желілері)

Тиісті жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Тиісті жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

4.8

Крематорийлерді, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), тұрмыстық қалдықтар үйінділерін және арнайы нормативтер мен ережелерді белгілемей пайдалану мүмкін емес өзге де объектілерді орналастыру үшін бөлінетін арнайы мақсаттағы;

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Тиісті жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Тиісті жергілікті атқарушы органның табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

Тиісті жергілікті атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (қажет болған жағдайда)

4.9

Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктері үшін, сондай-ақ өзге де пайдалану режимі үшін берілген.

Тиісті жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабы 1-тармағына сәйкес тиісті мемлекеттік орган, (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі)

Табиғи монополиялар субъектілері (электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру желілері, жылу, телефон және кабель желілері, газбен жабдықтау желілері)

Ескерту:

*Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала әкімінің бекітуі кезінде жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру кезінде қала құрылысы, экономикалық, экологиялық, санитариялық және өзге де талаптарды сақтау үшін қажетті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың тізбесіне қосымша енгізілуі мүмкін.

Жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үлгілік тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 278 бұйрығы
Дата публикации
29 ноября 2024