Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 10,7 гектар жер учаскелері елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
  2. Жамбыл облысының әкімі елді мекен шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.
  3. Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                         О. Бектенов

Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы
Дата публикации
26 ноября 2024