«Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобаны қабылдау үшін облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау арқылы АӨК субъектілері үшін жеңілдікті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру қажеттілігі негіз болып табылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдікпен кредит беру көлемін 1,5 трлн. теңгеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында.
Жобаны іске асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ерте қолжетімді жеңілдікті қаржыландырумен қамтамасыз етілетін болады. Мәселен, «Кен-дала-2» бағдарламасы бойынша жылдық 5% мөлшерлеме бойынша АӨК субъектілерін одан әрі қаржыландыру үшін нарықтық қаражатты тарту жөніндегі жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу қажет.