БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына жасалған келісімге сәйкес купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.
Бұл ретте, есептік жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидиялар есептік жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударылады.
Эмитент, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.
Жұмыс органы субсидиялар қаражаты болған жағдайда жасалған келісімге сәйкес облигациялар бойынша төленуге тиіс, шығарылған мерзімі 18 (он сегіз) айды қоса алғанға дейін құрайтын облигациялар бойынша 100% (жүз процент) купондық сыйақыны эмитенттің, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударады.
Эмитентке облигациялар бойынша купондық сыйақыларды аванс түрінде өтеуге жол беріледі.
Эмитент, астық нарығы жөніндегі операторды қоспағанда, купондық сыйақының 100% (жүз процент) мөлшерінде субсидиялар көзделген жалпы сомаға купондық сыйақы мөлшерінде субсидиялар бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған жағдайда немесе тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте купондық сыйақыны субсидиялауға қаражат болған кезде қарыз шарттарын жасасу жолымен қысқа/орта мерзімді облигациялар есебінен қарыз алушыларға қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша кредит береді.
Көрсетілген қысқа/орта мерзімді облигациялар есебінен:
2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға;
2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге екінші деңгейдегі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, өңірлік инвестициялық орталықтардың және микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларының міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жол беріледі.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі