Жобада «Шұжық өнімдері мен ет деликатестерін өндіру» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасы бекіту көзделеді.
Жобаның қабылдануының болжамды тиімділігі: Жаңартылған кәсіби стандартты қамтамасыз етеді.
Кәсіптік стандарт ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы кәсіптер үшін білімге, іскерлікке, дағдыларға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Бұйрықтың жобасы жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып сәйкес келтірілген және оның қабылдауы әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрық жобасымен толығырақ ашық НҚА порталында танысуға болады.