«Шұжық өнімдері мен ет деликатестерін өндіру» кәсіптік стандартын бекіту туралы

«Шұжық өнімдері мен

ет деликатестерін өндіру»

кәсіптік стандартын

бекіту туралы

     

«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1.       Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған «Шұжық өнімдері мен ет деликатестерін өндіру» кәсіптік стандарты бекітілсін.
  2.   Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

           1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

           2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

              Министр                                                                            А. Сапаров

 

 

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

 

«Шұжық өнімдері мен ет деликатестерін өндіру» кәсіптік стандартын бекіту туралы
Дата публикации
04 ноября 2024