«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына (бұдан әрі – бұйрық жобасы) баспасөз-релизі

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы                           29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Бұйрық жобасына өзгерістер тұрақтандыру қорларын қалыптастыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрлері бойынша қажеттілік көлемін есептеуді регламенттеу және өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін сатып алуға форвардтық сатып алуды қолдана отырып рұқсат етілген әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесін кеңейту мақсатында енгізіледі.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына (бұдан әрі – бұйрық жобасы) баспасөз-релизі
Дата публикации
01 ноября 2024