«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:

3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) – қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредиттеуге және қаржы лизингіне арналған тауарлар тізбесіне сәйкес қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы).»;

3-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«28) түпкілікті қарыз алушы – КС-мен қарыз шартын жасасқан және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредиттеуге және қаржы лизингіне арналған тауарлар тізбесіне сәйкес қызметті жүзеге асыратын КС қатысушысы.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған;

2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған.

Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайыздың (бұдан әрі – %) теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.

Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) (осы тармақтың жетінші бөлігінде қарастырылған жағдайды қоспағанда), және 2) тармақшаларда көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) % және қарыз алушының теңгемен төлеген 6 (алты) % сомасы арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі субсидияланады.

Бұл ретте, қарыз алушы осы тармақтың бірінші бөлігіндегі
1) тармақшада көрсетілген басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алуды көздейтін қарыз шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6 (алты) % төлейді .

Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей келесі жылға және тиісті жылға 1 шілдеден кешіктірмей ұсынады. Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган СМАЖ-да орналастырады.

Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) тармақшада көрсетілген және ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркеме жабдықты сатып алуды көздейтін қарыздың қалған шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 15 (он бес) % төлейді, мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) %  және қарыз алушының теңгемен төлеген 15 (он бес) %  сомасы арасындағы айырма нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі субсидияланады.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтарға дейін жасалған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан аспайтын қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:

1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған сыйақы мөлшерлемелерін төмендетуді көздейтін мынадай нормативтер бойынша:

теңгемен жылдық 10 (он) пайызға (бұдан әрі – %);

2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:

теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға.

2021 жылғы 4 желтоқсанға дейін жасалған қолданыстағы субсидиялау шарттары бойынша ресей рублімен және өзге валютамен берілген қарыз шарттары шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-дан, өзге валютамен жылдық 3 (үш) %-дан төмендетуге жол берілмейді.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың шарртары осы Қағидалардың 6-тарауында реттеледі.»;

5-тармақ алып тасталсын;

7-тармақ алып тасталсын;

26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) шартта қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы. Бұл ретте, егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін болса, одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.

                106 және 107-тармақтар алып тасталсын;

2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

26-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму,

инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

 

 

 

 

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
29 октября 2024