Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа

санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» және «Ақкөл ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – мекемелер) жалпы ауданы 324,7 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
  2. Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін көмірсутектерді өндіру және газ құбырын салу үшін «QazaqGaz барлау және өндіру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.
  3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын республикалық бюджет кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда алынған сүректі мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                         О. Бектенов

 

 

 

О переводе отдельных участков земель лесного фонда в земли другой категории
Дата публикации
23 октября 2024