«Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 342 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының жобасын баспасөз-релизі

Жобада «Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 342 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Жобаның қабылдануының болжамды тиімділігі:

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес барлық топырақ қызметтерін біртұтас ұйымға біріктіру жолымен жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа тәсілдер іске асырылуда, бұл барлығының жай-күйі туралы бірыңғай деректер банкін құруға мүмкіндік береді және оларды ұтымсыз пайдаланған жағдайда шаралар қабылданады.

Осыған байланысты,  Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады, оны Мемлекеттік корпорация және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне осы Кодекстің 153-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген іздестіру жұмыстары жатады.

Осылайша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны топырақтық, геоботаника зерттеп-қараудың, жер мониторингінің жүргізу және ауыл шаруашылық жерлердің бонитет балын анықтау ұсынады.

Бұйрықтың жобасы жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып сәйкес келтірілген және оның қабылдауы әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

Бұйрық жобасымен толығырақ ашық НҚА порталында танысуға болады.

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2024