Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы

Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы

 

 

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабының 3) тармақшасына, сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже бекітілсін.

2.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық ғылым және білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Респбуликасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
13 сентября 2024