«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Түркістан облысы әкімдігіне 2020 жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 378 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Түркістан облысы әкімдігіне 2020 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 19 және 180-баптарына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкеліп соқпайды.

Қаулыны жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражаттың игерілмеген бөлігін қайтару болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Түркістан облысы әкімдігіне 2020 жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 378 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы
Дата публикации
28 сентября 2020