«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
Ауыл шаруашылығы министрлігі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына, тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындарына кредит беруді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.