«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы  23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» ҚР АШМ бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы  23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» ҚР АШМ бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР АШМ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Мемлекет басшысының АӨК-дегі өңделген өнімнің үлесін үш жыл ішінде 70%-ға дейін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Осылайша Бұйрық жобасында құрғақ сүт өндіру және жұмыртқаны терең қайта өңдеу жобаларды субсидиялау қарастырылады.

Бұдан басқа, Бұйрық жобасында № 1.2 «Аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу» жобасының жаңа паспорты шеңберінде 2025 жылғы 1 сәуірге дейін аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауды жүзеге асыру көзделген.

Мемлекет Басшысы қойған суармалы жерлердің үлесін ұлғайту жөніндегі міндеттерді орындау үшін бұйрық жобасында «Суды алу және беру үшін инфрақұрылым құра отырып және кеңейте отырып, суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізу» № 11 жобасының паспорты шеңберінде басым су үнемдейтін суару жүйелерін сатып алу кезінде инвесторлардың шығындарын өтеу үлесін 80% - ға дейін ұлғайту көзделеді.

Асыл тұқымды құс шаруашылығын дамыту жөніндегі бағыт шеңберінде № 20 «Жұмыртқа және ет бағытындағы құс шаруашылығында асыл тұқымды репродуктор құру және кеңейту» жобасының паспортында инвесторлардың шығындарын өтеу үлесін 40%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Жалпы, бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Барлық өзгерістер мен толықтырулармен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/706770?lang=kk

Дата публикации
14 августа 2024