«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында:
2-тармағының 16)-тармақшасы мынадай реадкцияда жазылсын:
«16) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар микроқаржылық ұйымдар, кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорциялар, бюджеттік заңнамаға сәйкес белгіленген сенім білдірген өкіл (агент)»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Егер жобаның паспорттары бойынша тек техниканы, машиналарды және/немесе жабдықтарды сатып алу көзделсе, онда өтінім берілген жылға дейін 3 (үш) жылдан ерте емес шығарылған және сатып алынған жаңа, бұрын пайдаланылмаған техника, машиналар және/немесе жабдықтар субсидиялауға жатады.
№ 1.1 және 11-жобалар паспорттарында көрсетілген техниканы, машиналарды және құрал-жабдықтарды субсидиялау басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес жүзеге асырылады. Тізбені индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей келесі жылға және 1 шілдеден кешіктірмей тиісті жылға береді. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті орган Тізбені алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде СМАЖ-да орналастырады.
Бұл ретте, тізбеде техниканың және/немесе машиналардың мәлімделген моделі болмаған жағдайда, техниканы, машиналарды субсидиялау № 1, № 1.2 жобаның паспорты бойынша жүзеге асырылады, жабдықты субсидиялау осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес өтеу үлесін ұлғайта отырып, 50% мөлшерінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесімен № 11 паспорт бойынша жүзеге асырылады.
№ 1.2 жобаның паспорты бойынша субсидиялау 2025 жылғы 1 сәуірге дейін жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сатып алынған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді электрондық шот-фактуралармен растау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (қаржы лизингке сатып алынған тауарларды қоспағанда). 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған шығыстар қағаз түріндегі шот-фактуралармен расталады.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес және тәуелді компаниялары арқылы инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) тарапынан бірлесіп қаржыландырусыз ұсынылатын жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары бойынша лизингке техника, машиналар және/немесе жабдықтар сатып алған кезде шот-фактуралар берілмейді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) техниканы, машиналарды және/немесе жабдықты электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден тікелей сатып алған кезде, сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 456-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан) расталады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Субсидия алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматында (инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқаның сканерлеген көшірмесі) мынадай растау, құқық белгілеу және/немесе тіркеу құжаттарын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімін береді:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі – объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің (осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмелері;
2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтар сатып алу кезінде);
3) жаңа өндірістік қуаттар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және/немесе қағаз түріндегі шот-фактуралардың (агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес және тәуелді ұйымдары арқылы инвестордың (қызмет алушудың) қоса қаржыландыруынсыз берілетін жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларын қоспағанда), төленген төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша);
5) техниканы, машиналар мен жабдықтарды қабылдау-беру актілерінің көшірмелері;
6) инвестициялық салымдар қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттардың көшірмелері;
7) осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасына сәйкес екінші траншты алуға өтінім берілген жағдайда, инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматында (қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) растайтын құжаттарды қоса береді:
бизнес-жоспар;
дайын өнімді өткізу бойынша электрондық шот-фактуралар;
8) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған АӨК cубъектілері үшін);
9) № 4 жобаның паспорты бойынша және жерүсті немесе жерасты көздерінен суды тікелей (бастапқы) алған жағдайда № 11 жобаның паспорты бойынша қосымша:
«Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21194 тіркелген) бекітілген «Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес алынған арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмесі;
10) № 4 жобаның паспорты бойынша қосымша:
су шаруашылығы құрылысжайларына құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
шөлді және шөлейт аймақтарға арналған құдықтар (ұңғымалар) бойынша - табиғи аймақтарға тиесілігін көрсете отырып, жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтердің көшірмесі;
«Гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылысжайларының паспорттарын жүргізу қағидасын және паспорт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5714 тіркелген) сәйкес нысан бойынша су алу ұңғымасының техникалық паспортының көшірмесі;
инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ұңғымаларды (ұңғымаларды) салу және бұрғылау жөніндегі мердігер ұйымның қызметтеріне ақы төлеу фактісін, сондай-ақ оның қалыңдығы мен диаметрін көрсете отырып, құбырлардың құнын растайтын электрондық шот-фактуралардың, төлем құжаттарының көшірмелері;
мердігермен жасалған шарттың көшірмесі;
мердігердің топырақты бұрғылау жұмыстарының кіші түрлері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына, сондай-ақ топырақты далалық зерттеулердің кіші түрлері бойынша іздестіру қызметіне, гидрогеологиялық зерттеулерге лицензиялардың көшірмелері;
11) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда инвестициялық субсидияларды аудару үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотының деректемесін көрсете отырып, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ағымдағы шоты ашылған қаржы институтының анықтамасы;
12) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне инвестициялық субсидияларды аудару үшін қаржы институты шотының деректемесін көрсете отырып, қаржы институтының анықтамасы.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты қаржы институтының арнайы шоттағы ақшаны арнайы шотқа түскен күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннен аспайтын мерзімде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) лизинг нысанасын қабылдау-тапсыру актісін және лизинг нысанасының түпкілікті құнын айқындау жөніндегі лизинг шартына қосымша келісімді қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) техниканы, машиналарды және (немесе) жабдықты жеткізудің аяқталғаны туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
Бұл ретте Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғанға дейін арнайы шоттағы қаражатты пайдалана алмайды.
Лизинг нысанасының түпкілікті құны іс жүзінде субсидиялау шартында көрсетілгеннен кем болған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды қайта есептеуді жүзеге асырады, айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) анықтайды және 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтына айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына қайтару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабарламада көрсетілген мөлшердегі қаражатты жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп шотына қайтарады.
Инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша лизинг нысанасының түпкілікті құны субсидияларды есептеуге арналған барынша жол берілген құннан асатын субсидияларды қайта есептеу жүзеге асырылмайды.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 12-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі