«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізеді.

Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде, Қағидалар жобасында қой фермаларын қосу арқылы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беруді кеңейту көзделеді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және басқа салдарға әкеп соқпайды.

 

Дата публикации
07 августа 2024