Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Үлкен Нарын ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Марқакөл ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Мақаншы ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңасемей ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, өтініштерін, шағымдары мен петицияларын қарау;»;
15-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мыналардың мониторингін жүргізеді:
агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың;
азық-түлік тауарларының;
азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің;»;
52) тармақшаның он екінші абзацы алып тасталсын;
225) және 226) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«225) өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;
226) Анықталған Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;»;
мынадай мазмұндағы 471-2) тармақшамен толықтырылсын:
«471-2) Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді, тексеру парақтарын әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 483-1), 483-2), 483-3), 483-4) және 483-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«483-1) жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестермен келісім бойынша кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
483-2) жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды уәкілетті органға жібереді;
483-3) жыл сайынғы негізде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырады;
483-4) кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестермен келісім бойынша кәсіптік біліктіліктерді тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктіліктерді тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
483-5) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереже негізінде
кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 508-135), 508-136), 508-137), 508-138), 508-139), 508-140), 508-141), 508-142) және 508-143) тармақшалармен толықтырылсын:
«508-135) этил спиртін қоса алғанда, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерін дамыту және ілгерілету жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіреді;
508-136) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту жөнінде ұсыныстар дайындайды және оларды уәкiлеттi органға ұсынады;
508-137) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекiтедi, паспорттардың уәкiлеттi органда тiркелуiн (қайта тiркелуiн) жүзеге асырады;
508-138) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерiнiң қарамағындағы осындай аумақтарды кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелер жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз ете отырып және осы негiздемелердi кейiннен уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзе отырып әзiрлеудi ұйымдастырады;
508-139) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi;
508-140) өздерiнiң қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
508-141) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
508-142) уәкілетті органға ғылыми табиғи объектілерге «Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік» мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгізеді;
508-143) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді».
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
64-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі»;
71-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Самар ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі»;
мынадай мазмұндағы 102-1 тармақпен толықтырылсын:
«102-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсуат ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;»;
мынадай мазмұндағы 165-1 тармақпен толықтырылсын:
«165-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі»;
мынадай мазмұндағы 254-1 және 254-2 тармақтармен толықтырылсын:
«254-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Үлкен Нарын ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;
254-2 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Марқакөл ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;
мынадай мазмұндағы 278-2 және 278-3 тармақтармен толықтырылсын:
«278-2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Мақаншы ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;
278-3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңасемей ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов