«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасының баспасөз-релизі

Бұйрықтың жобасы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды іріктеуді айқындау жөніндегі функцияны ЖАО құзыретіне бере отырып («Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдардың (құралдардың) және атрибуттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі талаптарды реттеу мақсатында әзірленген.

Бұған дейін аталған талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығымен бекітілген Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларының 5-тарауымен регламенттелген болатын.

Бұйрық жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
18 июля 2024