«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленді.

Қаулының жобасымен Жамбыл облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 5300 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтаждарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстыру алдын-ала қарастырылуда.

Жерлерді ауыстыру мақсаты – қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыру үшін.  

Қаулының жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
18 июля 2024