Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жамбыл облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы алаңы 5300 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтаждарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
- Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерiнің қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыру үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесіне берілуін қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығыстарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүрені көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов