«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

4) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«органикалық өнім өндірісі және айналымы;»;

350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«350) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;

мынадай редакциядағы 351-1) тармақшамен толықтырылсын:

«351-1) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».

353) және 354) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;»

354) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіреді.»

  1. Осы қаулы 2024 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші, жетінші, он бірінші және он екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   О. Бектенов

Дата публикации
02 июля 2024