Мемлекет басшысының егіс және егін жинау жұмыстары 1,5 трлн. теңгеге дейін жеткізе отырып. ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобаcы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленді.
Атап айтқанда, бұйрық жобасында 2025 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу мақсатында қарыз алушыларды 2024 жылдың соңына дейін қаржыландыру мүмкіндігімен байланысты орта мерзімді облигациялар ұғымы көзделеді. Бұл ретте, бұйрық жобасы қабылданған жағдайда қарыз алушылар үшін қарыз мерзімі ұзартылады және тиісінше 16 айды құрайды.
Осылайша, бұйрық жобасын қабылдау есебінен АӨК субъектілеріне көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдікті қаржыландыруға қолжетімділік кеңейтілетін болады.