Министрлік «Ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Қағидалар жобасы) әзірледі.
Қолданыстағы Қағидаларға сәйкес ауыл шаруашылығы малдардың орналасқан жері белгіленбеген кезде кемінде 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының өлімінің комиссиялық актісі жасалады.
Бүгінгі таңда облыс әкімдіктерінің ұсынысы бойынша Қағидалар жобасына ең жақын көрші – 3 куәгерді тарту бойынша нақтылау нормасы енгізілген.
Бұл ретте Қағидалар жобасына ауыл шаруашылығы малдарының өлімінің комиссиялық актісін жасау кезінде ауылдық округ әкімінің, учаскелік полиция инспекторының және ветеринариялық қызмет өкілінің қатысуын көздейтін норма енгізілген, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауына ықпал етеді.
Бұдан басқа, Қағидалар жобасында өсімдік шаруашылығы жөніндегі комиссияға ұқсас мал шаруашылығы саласындағы комиссия мүшелерінің құрамы мен саны нақтыланады.