«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына Пресс-релизі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізеді.

Бұйрық жобасыда өңірлердегі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аймақтық инвестициялық орталықтар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және микроқаржы ұйымдары берген қарыз шарттарына кепілдік беру қарастырылды.

Бұл ретте көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге берілген қарыздарға кепілдік беру бөлігінде кепілдік жоғарыда аталған ұйымдар ғана емес, сонымен қатар аймақтық инвестициялық орталықтар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар берген қарыздарға да беріледі.

Сонымен қатар, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған несиелік шарттар бойынша портфельдік кепілдік беру әдісі қолдананысқа енгізілуде.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және басқа салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
10 июня 2024