«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері» деген 4-бөлімде:

ескертпеде:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«*** 4-бөлімнің 27-тармағында көрсетілген қызмет шағын өнеркәсіп аймақтарына және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының қызметімен шектеледі.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

 

 

 

                           О. Бектенов

 

ППРК
Дата публикации
01 июня 2024