Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасына Пресс-релизі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығына (бұдан әрі – қағидалар) өзгерістер енгізеді.

Қағидалар жобасында 2,5%-бен 5 жылға дейінгі мерзіммен және ең жоғары сомасы 4 мың АЕК-ке дейінгі сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингі құралын енгізу көзделеді. Сондай-ақ, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы шеңберінде электрондық өтінімді қашықтықтан беру мүмкіндігі үшін ақпараттық жүйені енгізу көзделуде.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
23 мая 2024