«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) азық дайындауға теріс әсер ететін қалыптан тыс ауа райы жағдайлары – белгілі бір аймақ пен жыл мезгілі үшін қалыпты немесе әдеттегі ауа-райынан ауытқып кететін ауа-райы жағдайлары, оларға атмосфералық немесе топырақтың құрғақшылығы, құрғақ жер, аяз, көлемі 20 миллиметр (бұдан әрі – мм) және одан да көп ірі бұршақтың түсуіне немесе жауын-шашын мөлшері 50 мм және одан да көп жауын-шашынның 12 сағат және одан аз (сел қаупі бар өңірлерде 30 мм және одан да көп 12 сағат және одан аз уақыт ішінде) түсуіне әкеп соғатын ауа райы жағдайлары;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

  1-1) арнайы комиссия – облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының деңгейінде құрылатын, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық салалық одақтардың/қауымдастықтардың/ республикалық палаталардың өкілдерінен және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші)) мамандарынан қалыптастырылатын және тауар өндірушілерде тиісті инфрақұрылымның бар-жоғы бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асыратын комиссия;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қатысатын аналық мал басы – табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген бас (ірі қара мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар - 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар - 18 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша - 12 айдан бастап, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) бойынша - 24 айдан бастап, шошқа шаруашылығы бойынша: тауарлы және асыл тұқымды - 8 айдан бастап, толықтыратын бас – 4 айдан бастап);»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Субсидиялар нормативтері, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары, өтінімдер нысандары және өтінімдер беру мерзімдері келесі бағыттар бойынша мал шаруашылығы және азық өндіру жөніндегі мамандандырылған бейінді ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде ЖАО (көрсетілетін қызметті берушінің) қаулысымен бекітіледі:

ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға;

спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;

асыл тұқымды орталықтармен шет елдік селекциядағы спорттық бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу;

спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды басын ұстап-бағу шығыстарын өтеуге.»;

14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы мен СМАЖ-дың өзара іс-қимылы арқылы электрондық түрде мыналарға өтінім берілуі:

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ірі қара малдың (сүтті, сүтті-етті, етті және етті-сүтті бағыттағы) асыл тұқымды аналық басын, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды (етті және етті-сүтті бағыттағы), асыл тұқымды қойларды, асыл тұқымды тұқымдық қошқарды, өнімділік бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырды, асыл тұқымды тұқымдық түйені, асыл тұқымды тұқымдық шошқаны, асыл тұқымды мегежіндерді, ешкілердің асыл тұқымды аналық басын, құстардың ет бағытындағы ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын және асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды сатып алу үшін субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша асыл тұқымдық орталықтар, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтар мен ұрықтандырушы-техниктер тауар өндірушілердің және ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі ірі қара малдардың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсеткен қызметі үшін субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша ірі қара малдың тауарлық аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша қойдың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 6-нысан бойынша қойлардың тауарлық аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 7-нысан бойынша шошқалардың асыл тұқымды және тауарлық аналықтарымен және мал басын толықтыратын аналықтарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 8-нысан бойынша маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 9-нысан бойынша балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 10-нысан бойынша сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалардың сатып алынған бір жынысты және қос жынысты ұрықтары үшін субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 11-нысан бойынша ірі қара мал мен қой эмбриондарын сатып алу құнын арзандатуға субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 12-нысан бойынша тауық етін өндіру құнын арзандатуға субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 13-нысан бойынша сүт (сиыр, бие, түйе) өндіру құнын арзандатуға субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 14-нысан бойынша ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің сүт өндіру құнын арзандатуға субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 15-нысан бойынша ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеу кәсіпорындары өткізген сиыр етінің құнын арзандатуға субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 16-нысан бойынша бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ірі қара малдың еркек дарақтарының құнын арзандатуға субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 17-нысан бойынша бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарақтарының құнын арзандатуға субсидиялар алуға;»;

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Дата публикации
03 мая 2024