«Қазақстан Республикасында қант саласын дамыту жөніндегі 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №726 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - жоба) Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен 2022 жылғы 14 шілдедегі № 22-01-7.13 кеңес хаттамасының 2.5-тармағына, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2024 жылдың соңына дейін кешенді жоспар іс-шараларының орындалу мерзімдерін өзектендіру туралы 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №61-16/8318 ПАБ-8 тапсырмасына, Премьер-Министрдің орынбасарының өзектендірілген Кешенді жоспардың жобасын ҚР Үкіметінің қарауына енгізу бойынша 2024 жылғы 21 ақпандағы №11-07/82 тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Кешенді жоспарды іске асыру таяудағы 5 жылда қант қызылшасының егіс алаңдарын 75 мың гектарға дейін кеңейтуге, отандық шикізаттан қант өндіру көлемін 500 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 2028 жылға қарай ішкі нарықты отандық шикізаттан өндірілген қантпен қамтамасыз ету 2022 жылмен салыстырғанда 6% - тен 80% - ке дейін артады.