Жоба 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚРЗ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыруға әзірленді.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – ҚРЗ) Заңмен енгізілген түзетулердің бірі ҚР Кәсіпкерлік кодексіне, ҚРЗ-ға, ҚР Ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес тергеу нысанында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады, оған ветеринария саласындағы уәкілетті органның құзыреті толықтырылып, тергеу жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функция болып табылады (ҚРЗ 8-бабының 46-32) жаңа тармақшасы).
Жоба ветеринария саласында тергеп-тексеру жүргізу тәртібін айқындайды.
Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.