Ауыл шаруашылығы министрлігі купондық сыйақы механизмін қолдануды кеңейтуде
Бұйрық жобасымен облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу жоспарланған.
Айта кетері, өзгерістерді енгізу астық нарығын реттеу жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында қарастырылған. Осылайша, енгізіліп жатқан купондық сыйақыны субсидиялау механизмі есебінен форвардтық сатып алу арқылы жеңілдікті қаржыландыруды ұлғайту арқылы АШТӨ-ні мемлекет тарапынан қолдауды кеңейту жоспарланған.
Атап айтқанда, субсидиялар қаражаты тартылған облигациялық қарыздар шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін төлеу бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ шығындарын өтеуге бағытталатын болады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына кредиттік қаражатты қосымша тартуға мүмкіндік береді. Тартылған қаражат, бірінші кезегінде, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезінде АШТӨ-ні жеңілдікпен қаржыландыруға бағытталатын болады.
Сондай-ақ, бұл шара шаруалар үшін өткен жылдың да, ағымдағы жылдың да ауыл шаруашылығы маусымының қолайсыз ауа-райының салдарын жоюға мүмкіндік береді.
Барлық өзгерістермен және толықтырулармен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15017785