«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігін және қарыздарды сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін өтеу, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит және лизинг беру қағидаларын әзірлеу және бекіту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және лизинг кезінде қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларын беру болып табылады. .

Жобаны қабылдау қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

 

Дата публикации
15 апреля 2024