«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасының баспасөз-релизі

Бұйрық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіруге  бағытталған, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын іске асыру үшін әзірленген (Мемлекет басшысына қол қоюға енгізілген).

Кәсіпкерлік кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, Кодекстің 141-бабының 6-тармағында, 143-бабының 1-тармағында, 144-3-бабының 1-тармағында және 144-4-бабының 5-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.

Осыған байланысты, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы деңгейіндегі Заңжобасымен (бұдан әрі – Заң) құзыретін қоспағанда, экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүргізу, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібі айқындалады тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіту бойынша (Заңның 23-бабына түзетулер).

Баяндалғанды ескере отырып, жобада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының («Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 7-1/347 бұйрығының және негізгі бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрықтарының) күші жойылды деп тану көзделеді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
27 марта 2024