2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында ақшалай көріністе тамақ өнімдері 1 629,3 млрд. теңгеге өндірілді, 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 99,7% құрады. Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің үлесі 17,2%-ды (279,7 млрд.теңге), нан-тоқаш және ұн өнімдері – 14,4%-ды (234,8 млрд. теңге), өсімдік майлары мен тоң майларды тамақ өнімдерін өндірудің жалпы көлемінде – 9,1%-ды (148,8 млрд. теңге), қайта өңделген және консервіленген жемістер мен көкөністерді – 6,0%-ды (97,1 млрд. теңге) құрайды.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел ақпаратына сәйкес 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2018 жылдың аналогиялық кезеңімен салыстырғанда заттай көріністе тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы – 24,6%-ға (388,7 мың тоннадан 484,4 мың тоннаға дейін), ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 6,1%-ға (131,0 мың тонна 139,0 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері – 4,6%-ға (158,5 мың тонна 165,8 тоннаға дейін) өсті.
2018 жылдың деңгейінде жаңа піскен 712 мың тонна көлемде өндірілді.
Сонымен бірге жеміс және көкөніс шырындары – 39,3%-ға (122,8 млн. литр 74,6 млн. литрге дейін), қайта өңделген және консервіленген жемістер, картоптан басқа – 19,9%-ға (24,3 мыңнан 19,4 мың тоннаға дейін), ұн өндіру 13,0%-ға (3 803,1 мың тоннадан 3 308,2 мың тоннаға дейін), маргарин – 8,6%-ға (68,7 мың тоннадан 62,8 мың тоннаға дейін), құрақ қанты – 6,9%-ға (161,2 мың тоннадан 149,9 мың тоннаға дейін), шоколад және шоколад өнімдері – 6,0%-ға (103,9 мыңнан 97,7 мың тоннаға дейін), қайта өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар – 6,0%-ға (8,2 мың тоннадан 7,7 мың тоннаға дейін), жармалар – 4,6%-ға (82,5 мың тоннадан 78,7мың тоннаға дейін), өңделген күріш – 1,5%-ға (146,5 мың тоннадан 144,2 мың тоннаға дейін) төмендеуі байқалады.