Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының                        Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі», «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі», «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі», «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» және «Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» орман қоры жерлерінен жалпы алаңы 51,3574 гектар жер учаскесi өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
  2. Қызылорда облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды құбырының құрылысы үшін «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.
  3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

Қаулы жобасы
Дата публикации
10 января 2024