Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірленді.
Бұйрық жобасының мақсаты шегірткелерге қарсы қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде техника санын есептеу үшін пилотсыз авиациялық жүйелерді әзірлеу нормасын бекіту болып табылады.
Бұйрық жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.