«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізуде (бұдан әрі – Қағидалар жобасы).

Қағидалар жобасына өзгерістер Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын және Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын ескере отырып енгізіледі. Қағидалар жобасына енгізілген өзгерістер АӨК саласындағы жобаларды сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 2,5%-бен 10 жылға дейін, ең жоғары сомасы 5 млрд. теңгеге дейін келесі бағыттар бойынша кредит беруді көздейді:

  • тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);
  • етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
  • етті бағыттағы мал шаруашылығын (1000 бастан бастап);
  • көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
  • жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
  • қарқынды бау-бақша (5 гектардан бастап алма бағы, жеміс-жидек дақылдары);
  • жылыжай кешені;
  • қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);
  • қуаттылығы жылына 25 тонна тауарлық балықтан басталатын балық және басқа да су жануарларын (балық шаруашылығы (аквамәдениет)) өсіру жөніндегі балық өсіру шаруашылықтары;
  • ауылшаруашылық өнімдерін, оның ішінде жүн мен терілерді терең өңдеу кәсіпорындары.

Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен
100 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді, ол сүт-тауар фермаларының бағыты бойынша 65 жобаны қаржыландыруға бағытталатын болады, бұл сүт өндірісін жылына 372 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларды болжамайды.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14805244 2023 жылы 17 қарашада орналасқан.

 

баспасөз-парағы
Дата публикации
13 декабря 2023