Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт - офистері арқылы ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірленді.
Бірлескен бұйрық жобасының мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесін бірыңғай цифрлық платформаға енгізу болып табылады.
Бірлескен бұйрық жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.