Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан жалпы алаңы 27,0 гектар жер учаскелерi өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
- Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Әскери бөлім) халықаралык міндеттемелерді (әскери атыс аланың кеңейту және Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының аумағында орналасқан елді мекенге ұқсас учаскеде жоспарланған құрылыс жүргізу) үшін берілуін қамтамасыз етсін.
- Әскери бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
- Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов