«Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29862 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) - жүргізу тәртібі Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе»;»;
6) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Электрондық жер-кадастрлық карталар ЖМБМК АЖ және ГАЖ кіші жүйелері арқылы құрылады.»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жер учаскелері шекараларының орналасқан жері топологиялық қателіктері бар жер-кадастрлық құжаттама негізінде ЖМБМК АЖ дерекқорына енгізілген жер учаскесінің координаттарына сәйкес келмеген кезде жер-кадастрлық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілсе , жер учаскесінің орналасқан жеріндегі топологиялық қателікті түзетуге жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес топологиялық қателіктерді жою мүмкін болмаған кезде, қиылысатын жер учаскелерінің шекаралары бойынша дауды (жанжалды) шешу Кодекстің 167-бабында белгіленген тәртіппен қаралады.
Қиылысатын жер учаскелерінің шекаралары бойынша дау (жанжал) бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін көрсетілген учаскелер бойынша электрондық жер-кадастрлық карталар жасауға жол берілмейді.
15. Жер учаскесі шекараларының координаттары жер-кадастрлық істерде және ЖМБМК АЖ графикалық дерекқорында болмаған жағдайда, таңдалған есепке алу орамына арналған қолда бар жоспарларға талдау жүргізіледі және жер учаскелерінің тарихи мәліметтері бойынша шекараларының тиісті координаттары жоқ жер учаскелерінің тізбесі белгіленеді.
Таңдалған есепке алу орамында шекараларының координаттары жоқ, жер-кадастрлық істерде және ЖМБМК АЖ графикалық дерекқорында бұрылыс нүктелерінің координаттары жоқ жер учаскелері болған жағдайда, жер учаскелерінің шекараларын нақты орналасқан жеріне сәйкес үйлестіру үшін далалық жұмыстар жүргізіледі.
Далалық жұмыстардың материалдары жер учаскелерінің иелерімен (жер пайдаланушылармен) келісіледі. Одан әрі ресімделмеген жер учаскелерінің шекараларын үйлестіру жүргізіледі және тиісті деректер ЖМБМК АЖ графикалық дерекқорына жүктелетін электрондық жер-кадастрлық картаның «Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары» қабатына енгізіледі.
Таңдалған есепке алу орамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделмеген және мемлекеттік жер кадастрында мәліметтері қамтылмаған жер учаскелері болған немесе шекаралары жер-кадастрлық істер материалдарымен сәйкес келмеген жағдайда, материалдар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын тиісті аумақтық бөлімшесіне тиісті іс-шаралар жүргізуі үшін жолданады»;
16-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Ресімделген жер учаскелерінің шекаралары» қабатын құру кезінде геодеректер базасын кадастрлық нөмірлері бар жер учаскелерінің шекараларымен толтыру ЖМБМК АЖ кадастрлық картасы арқылы жүзеге асырылады.
Жер учаскесінің полигоны жасалғаннан кейін «Ресімделген жер учаскелерінің шекаралары» қабатының атрибуттық кестесінде жаңа жол пайда болады, онда «Кадастрлық нөмір» жолында кадастрлық нөмір түрінде ақпарат енгізіледі. Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша деректер, жер учаскесінің нақты мекенжайы «Көше атауы» (көше атауы), «Жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі» (үй нөмірі), «1-көше атауы» (қиылысатын көшенің атауы), «1-жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі» (қиылысатын көшедегі үйдің нөмірі) жолдарында толтырылады («1-көше атауы», «1-жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі» жолдары көшелердің қиылысындағы жер учаскелерін айқындау үшін қажет).
«Үйлестірілген» жолы – бұл жолда жер учаскесін үйлестіру туралы ақпарат болады (жер учаскелері бойынша геодеректер дайын жер-кадастрлық карталардан енгізіледі, заттай белгіленбеген, тиісінше жер учаскесі үйлестірілмеген болса, «0» мәні енгізіледі, егер жер учаскесі заттай белгіленіп, үйлестірілген болса, «1» мәні енгізіледі);
5) Құқық белгілейтін құжаттары болмауы себепті ЖМБМК АЖ кіші жүйесіне енгізілмеген жер учаскелерінің шекаралары «Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары» қабатында жоспарлық-картографиялық материалдар бойынша жасалады. Электрондық жер-кадастрлық карталарда мұндай учаскелер кадастрлық нөмірі көрсетілмей, шартты белгімен көрсетіледі, онда жоспарлық-картографиялық материалдар бойынша ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары цифрлануы тиіс. Учаскенің контурлары (қоршаулары) болмаған жағдайда, ресімделмеген жер учаскесі құрылысының шекаралары цифрлануы тиіс.
Міндетті түрде толтырылатын «Қосымша ақпарат» деген жолда жер учаскесі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат жазылады - учаске ресімделмеген не картада көрсетілген учаскенің шекаралары қоршау контуры бойынша нақты шекараларға сәйкес келмейді.
«Атауы» деген жолда карталарды қағаз тасығыштарға басып шығару кезінде картада көрініс табуы мүмкін жер пайдаланушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және тегі/атауы (ресімделмеген жер учаскелері бойынша (бар болса)) енгізіледі.
«Нысаналы мақсатының атауы» деген жолда карталарды қағаз тасығыштарға басып шығару кезінде картада көрініс табуы мүмкін жер учаскесінің нысаналы мақсаты енгізіледі.
«Көше коды» деген жолда елді мекен көшелерінің атауы туралы кодталған ақпарат жүйесі қамтылады.
«Жасалған күні» деген жолда осы жер учаскесінің жасалған күні туралы ақпарат қамтылады.
«Жойылған күні» деген жолда геодерекқордан жер учаскесінің жойылған күні туралы ақпарат қамтылады.
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Электрондық жер-кадастрлық карталар дайын өнімді тапсыру үшін қағаз жеткізгіштерде басып шығарылады, 1:2000 масштабында ресімделеді. Орамды А0 форматындағы бір баспа параққа орналастыру мүмкін болмаған кезде карта бұрыштық мөртабандағы олардың санын көрсете отырып, парақтардың қажетті санына бөлінеді. Электрондық жер-кадастрлық карталарда объектілер масштабқа сәйкес дәлдікпен және олардың сипаттамаларының толықтығымен көрсетіледі.»;
көрсетілген Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен :
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) сы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
ТАӘ |