«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарлама

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың

 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын 

бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

баспасөз хабарлама

 

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі қаулысының осы жобасымен (бұдан әрі – жоба) «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Жобаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ) болып табылады.

Жобаны қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Е.Қошановтың Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына Дүниежүзілік Банктің «Мал шаруашылығын тұрақты дамыту» жобасын енгізу және «Қазсушар» РМК тарифтерін қайта қарау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі 2020 жылғы 13 маусымдағы № 20-1842-1 тапсырмасы негіз болып табылады.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

Дата публикации
07 июля 2020