Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 300-1) тармақшасына             сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетің атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11256 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Дата публикации
15 июня 2023