«Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 891 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 105, 138 және 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 891 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – кәсіпорын) кәсіпорынның өнеркәсіптік қалдықтар полигонын салу және пайдалану үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелеріне 2039 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы берілсін.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов