«Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

«Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - АШМ).

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

2023 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 221-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының орындау үшін.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан жерді экономикалық бағалау мен оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулер мен топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу функцияларын алып беру арқылы, сонымен қатар, АШМ-е бағынысты «Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы», «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиорациялық орталығы», «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы», «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемелері қайта құру жолымен шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының құрулуы.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері қабылданбаған.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Жобаны қабылдау кейіннен заңнаманы оған сәйкестендіруді қажет етпейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат.

Жоба халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің
    2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Орналастыратын болады.

  1. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы ақпарат.

Қажет етілмейді.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Қажет етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестері мүшелерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.

Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.

  1. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

Жоба азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғамайды.

 

 

  Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі                                         Е. Қарашөкеев

Дата публикации
16 мая 2023