«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты

 

  1. Проблеманың сипаты:

 

№ р/с

Проблемалық сұрақ

Туындаған проблеманың негізгі себептері

Сипатталатын проблеманың деңгейі мен маңыздылығын көрсететін талдамалық мәліметтер

Проблеманы өлшеу тәсілдері

1.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамалық актілерде нақтылайтын нормалар бар.

Көрсетілген нормаларға қандай да бір түзетулер енгізу үшін ұзақ уақытты қажет ететін тиісті заң жобасын әзірлеу қажет. 

Заңнамалық актілердің икемділігінің болмауы.

Заңдардың тұрақтылығына жүргізілген талдау бойынша:

- 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне 122 түзетулер енгізілген (2005 ­- 1, 2006 – 6, 2007 – 10, 2008 – 4, 2009 – 6, 2010 – 2, 2011 – 8, 2012 – 11, 2013 – 7, 2014 – 11, 2015 – 11, 2016 – 6, 2017 – 6, 2018 – 2, 2019 – 10, 2020 – 7, 2021 – 6, 2022 – 7, 2023 - 2,); бұл заң тұрақсыз болып табылады.

- «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі ҚР Заңына - 44 түзету (2007 – 2, 2008 – 1, 2009 – 2, 2010 – 3, 2011 – 4, 2012 – 3, 2013 – 3, 2014 – 4, 2015 – 6, 2016 – 2, 2017 – 1, 2018 – 2, 2019 – 2, 2020 – 1, 2021 – 4, 2022 -4); бұл заң тұрақсыз болып табылады.

- «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы ҚР Заңына - 26 түзету (2004 – 1, 2006 – 3, 2009 – 2010 – 1, 2011 – 4, 2012 – 2, 2013 – 2, 2014 – 3, 2015 – 3, 2016 – 1, 2018 – 3, 2019 – 1 ); бұл заң тұрақсыз болып табылады.

- «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы ҚР Заңына - 2 түзету (2018 – 1, 2019 - 1); бұл заң тұрақты болып табылады.

- «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі ҚР Заңына 46 түзету енгізілді (2004 – 1, 2005 – 1, 2006 – 3, 2007 – 2, 2008 – 1, 2009 – 2, 2010 – 2, 2011 – 6, 2012 – 4, 2013 – 3, 2014 – 6, 2015 – 2, 2016 – 1, 2017 – 1, 2018 – 4, 2019 – 3, 2020 – 1, 2021 – 2, 2022 -1; бұл заң тұрақсыз болып табылады.

- «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы ҚР Заңына - 2 түзету (2021 – 1, 2023 -1); бұл заң тұрақты болып табылады.

- «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі ҚР Заңына 25 түзету (2001 – 1, 2004 – 1, 2006 – 2, 2008 – 1, 2009 – 1, 2010 – 1, 2011 – 2, 2012 – 3, 2013 – 2, 2014 – 4, 2015 – 3, 2018 – 1, 2020 – 1, 2021 – 1, 2022 - 1); бұл заң тұрақсыз болып табылады.

- «Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы ҚР Заңына 8 түзету (2004 – 2, 2011 – 2, 2013 – 1, 2014 – 1, 2015 – 1, 2018 – 1); бұл заң тұрақсыз болып табылады.

- «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы ҚР Заңына 41 түзету (2001 – 1, 2003 – 1, 2004 – 1, 2006 – 2, 2007 – 4, 2008 – 2, 2009 – 2, 2010 – 2, 2011 – 3, 2012 – 4, 2013 – 2, 2014 – 6, 2015 – 3, 2016 – 2, 2018 – 2, 2019 – 2, 2020 - 2); бұл заң тұрақсыз болып табылады.

- «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы ҚР Заңына 34 түзету (1999 – 1, 2002 – 1, 2003 – 1, 2004 – 1, 2006 – 2, 2009 – 2, 2010 – 3, 2011 – 5, 2012 – 2, 2013 – 2, 2014 – 4, 2015 – 2, 2016 – 1, 2017 – 1, 2018 – 2, 2019 – 2, 2020 – 1, 2022 - 2); бұл заң тұрақсыз болып табылады.

- «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі ҚР Заңына 32 түзету (2004 – 2, 2006 – 3, 2007 – 1, 2009 – 2, 2010 – 2, 2011 -4, 2012 – 2, 2013 – 2, 2014 – 5, 2016 – 2, 2017 – 1, 2018 – 3, 2019 – 1, 2022 - 1); бұл заң тұрақсыз болып табылады.

- «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Заңына 1 түзету (2019 - 1); бұл заң тұрақты болып табылады.

- «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы ҚР Заңына 11 түзету (2011 – 1, 2012 – 2, 2014 – 3, 2015 – 1, 2018 – 1, 2019 – 1, 2021 – 1, 2022 - 1); бұл заң тұрақсыз болып табылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормалардың шамадан тыс (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Президенттің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес мынадай іс-шаралар көзделгендігіне байланысты нормаларды шамадан тыс (шамадан тыс) заңнамалық регламенттеу тұрғысынан заңнамалық актілерге ревизия жүргізу, оларды жеделдік мақсатта Үкімет немесе мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындауға тиіс.

Осыған байланысты, ревизияны ескере отырып, заңдардың құрылымында негізгі мақсаттар, міндеттер, қағидаттар; құқықтық субъектілік (субъектілердің құқықтары, міндеттері) және Кодекспен немесе заңмен реттелетін қатынастар; алқалы шешімді талап ететін және ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша Үкіметтің құзыреті; мемлекеттік органдардың жалпы құзыреті, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бөлігінде жергілікті атқарушы органдар және өкілді органдардың құзыреті қамтылатын болады.

Бұл тәсіл заңдарды артық нормалардан «арылтуға» және заңға тәуелді актілер деңгейінде елде туындайтын өзгерістерге оларды нормативтік реттеу бөлігінде жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

«Құқықтық актілер туралы» Заңға (бұдан әрі – заң) ағымдағы жылғы 5 қарашада заңдар мен заңға тәуелді актілердің мазмұнына, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген заңға тәуелді актілерді қабылдауға құзыретті белгілеуге қатысты өзгерістер енгізілді.

Заңның 24 - бабының 1-тармағына сәйкес заңдарда тиісті саланы (саланы) реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, құзыреттері мен өкілеттіктері белгіленеді. Заңның осы негізгі ережелерін іске асыру үшін заңға тәуелді НҚА-да тиісті нормалар егжей-тегжейлі көрсетілуі мүмкін. Бұл ретте заңға тәуелді НҚА-да заңдарда белгіленген нормалар шегінен шығатын нормаларды белгілеуге жол берілмейді.

Аталған тармақта сондай-ақ мақсаттар, міндеттер мен қағидаттар шеңберінде заңдар мен заңға тәуелді НҚА деңгейінде мемлекеттік органдардың құзыреттері мен функциялары көзделуі мүмкін екендігі анықталды. Бұл ретте заңдар деңгейінде құзыреттер мен функцияларды белгілеу Конституцияның 61-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың өзге де құзыреттері мен функциялары (іске асыру, ұйымдастыру және басқалар) заңға тәуелді НҚА-мен белгіленеді.

Бұдан басқа, Заңның 34-бабының 3-тармағы жоғары тұрған НҚА-дан туындайтын заңға тәуелді НҚА тізбесін Үкімет мемлекеттік органдар туралы ережелерде айқындайтын ережемен толықтырылды. Әзірлеушілері Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын жоғары тұрған НҚА-дан туындайтын заңға тәуелді НҚА тізбесін Президент айқындайды.

Жоғарыда көрсетілген нормаларды негізге ала отырып, уәкілетті органдардың заңға тәуелді актілерді қабылдауы үшін іс жүзінде заңдарға өзгерістер енгізу талап етілмейді, бірақ мемлекеттік орган туралы ережеде тікелей құзыретті белгілеу жеткілікті болады.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау 13 заңнамалық актілерге бойынша жүргізілетін болады: Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы, «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңы, «Органикалық өнім өндіру туралы» ҚР Заңы, «Ветеринария туралы» ҚР Заңы, «Жайылымдар туралы» ҚР Заңы, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» ҚР Заңы, «Бал ара шаруашылығы туралы» ҚР Заңы, «Астық туралы» ҚР Заңы, «Өсімдіктер карантині туралы» ҚР Заңы, «Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңы, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңы, «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы.

Сипатталған мәселе ұйымдық-құқықтық сипатта болады.

 

  1. Ағымдағы жағдайды талдау, ұлттық реттеумен неғұрлым ұқсас әлемдік тәжірибені салыстырып тексеру:

 

№ № р/с

Ағымдағы жағдай

Халықаралық тәжірибе

1.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 13 заңнамалық  актілерге бойынша тексеру жүргізді және оның нәтижелері бойынша заңдардың мынадай нақтылайтын нормалары анықталды:

Қазақстан Республикасының Жер кодексінде:

- Кодекстің мақсаты жоқ;

- орталық уәкілетті органның жерге орналыстыру, мемлекеттік жер кадастры және жерді пайдалау мен қорғауды бақылау, жер қатынастары саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі жалпы құзыреті жоқ.

«Ветеринария туралы» ҚР Заңында:

- мақсаттар жоқ мен қағидаттар жоқ;

- нормативтік құқықтық актілерді бекіту бойынша уәкілетті органның нақтылаушы функциялары белгіленді;

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңында:

- Заңның міндеттері жоқ;

- заңның негізгі ережелерін нақтылауға бағытталған функциялар белгіленді.

    Осыған ұқсас нақтылайтын нормалар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қалған заңдар бойынша анықталды.

  Ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық заңнамамен неғұрлым ұқсас құқықтық реттеу таяу шет елдерде (Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасы) бар.

Қырғыз Республикасының «Қырғыз Республикасының ауыл шаруашылығын дамыту туралы» Заңы (бұдан әрі ­– ҚР Республикасы) негіздемелік сипатта болады, өйткені Министрлер Кабинетінің құзыреті мәселелері регламенттелмеген, ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның функциялары мен міндеттерін іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілердің тізбесі жоқ. ҚР Заңы 12 баптан тұрады, ҚР Заңында ауыл шаруашылығы  саласындағы негізгі ережелер бекітілген – ҚР Заңының мақсаты мен міндеттері, ҚР Заңын жүзеге асырудың қағидаттары, агроөнеркәсібі нарығын мемлекеттік реттеу, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары және өзге де өзекті ережелер. Сонымен қатар, ҚР Заңының 1-бабына сәйкес Қырғыз Республикасының ауыл шаруашылғын құқықтық реттеу ҚР Заңы мен Қырғыз Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

«Ветеринария туралы» Өзбекстан заңы (бұдан әрі-Өзбекстан Заңы) сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты нормаларды, Заңның мақсаттары мен қағидаттарын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілердің тізбесін қамтымайды. Мысалы, Өзбекстан заңының 5-бабында тек ветеринария саласындағы Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің негізігі өкілеттіктері көрсетілген.

Сонымен бірге, Өзбекстан Республикасының Жер  кодексінің 4-бабына сәйкес (бұдан әрі – ӨР Кодексі) жер қатынастарын реттеу саласындағы Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің құзыретіне ӨР Кодексі мен өзге де заңнамалық актілерге сәйкес жер қатынастарын реттеу туралы нормативтік актілерді қабылдау кіреді.

Грузияда, 2009 жылғы 22 қазандағы Нормативтік актілер туралы Заңының 7-бабының 9-тармағына сәйкес, «егер осы Заңда өзгеше
белгіленбесе, заңға тәуелді нормативтік актілерді қабылдаушы (шығарушы) органдар (лауазымды адамдар) өз құзыреті шегінде тек заңнамалық актілерді орындау үшін және егер ол заңнамалық актілерде тікелей көзделген. Заңға тәуелді нормативтік актілерде олардың қандай заңнамалық актілердің негізінде және оларды орындау үшін қабылданғаны (шығарылғаны) көрсетілуге тиіс».
Молдова Республикасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы
«Нормативтік актілер туралы» Заңында «заңға тәуелді акт» ұғымы
қолданылмайды. Алайда, бұл Заңда мынадай актілер туралы ақпарат бар: Парламент қаулысы; Молдова Республикасы Президентінің Жарлығы; Үкімет Қаулысы; Үкіметтің ордонансы және т. б. Атап айтқанда, мысалы, Молдова Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес «Егжей-тегжейлі реттеуді қажет ететін қоғамдық қатынастар Үкімет қаулысымен бекітілетін ережелермен, нұсқаулықтармен, жарғылармен, ережелермен, әдістемелермен анықталады».
Осылайша, шетелдік тәжірибе негізінде шет елдерде белгілі бір
құқықтық қатынастарды нақты реттеу заңға тәуелді актілермен егжей-тегжейлі сипатталатынын атап өтеміз.

 

  1. Сипатталған мәселені шешудің ұсынылған жолдары:

 

№ р/с

Шешім

Артықшылықтары

Кемшіліктері

1.

  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңында:

- Заңда ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі мақсаттарын анықтау;

- агроөнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі мақсаттарды, міндеттерді, қағидаттарды анықтайтын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі жалпы құзыретін белгілеу.

 «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде:

- негізгі мақсаттарды белгілеу, орталық уәкілетті органның жерге орналыстыру, мемлекеттік жер кадастры және жерді пайдалау мен қорғауды бақылау, жер қатынастары саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі жалпы құзыретін бекіту.

Осыған ұқсас түзетулер қалған заңнамалық актілерге енгізілетін болады.

  Заңнамалық актілерде шамадан тыс реттелген нормалардың болмауы.

Жоқ

 

  1. Ұсынылған шешім жолдарының мыналарға әсері:

 

 

Артықшылықтары

Кемшіліктері

1. Әлеуметтік дамуға (адами капиталды өлшеу деңгейі)

  Заңға тәуелді актілермен қоғамдық қатынастарды реттеу мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді, туындайтын әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау уақытын қысқартады.

Жоқ

2. Кәсіпкерлікті дамытуға

Кәсіпкерліктің тиісті саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде кәсіпкерлік субъектілерінің рөлін күшейту.

Жоқ

3. Мемлекеттік билік органдарына

  Бюрократиялық барьерді азайту.

Жоқ

4. Экономикалық жүйеге

Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдауы елде туындайтын экономикалық проблемаларды шешуді жеделдетеді. Өйткені заңнамалық актілерге түзетулер енгізу ұзақ рәсім болып табылады.

Жоқ

5. Экологиялық ортаға

  Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдауы елде туындайтын экологиялық жағдайларды шешуді жеделдетеді.

Жоқ

6. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлеміне

              Жоқ

              Жоқ

7. Өзге

  Жоқ

Жоқ

 

  1. Ұсынылатын шешу жолын енгізуден күтілетін нәтижелер:

 

№ р/с

Ағымдағы көрсеткіштер

Нәтиже

Мерзім (негіздеме)

1.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау

  Заң жобасын қабылдау агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіруде мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру үшін қажетті заңнамалық құқықтық негіздерді құруға бағытталған.

Жалпы, заң жобасын қабылдау оң құқықтық салдарға және заңдардың тұрақтылығына әкеп соғады.

  2023-2024 жылдар

 

  1. Заңнамалық реттеу жағдайында іс-қимыл алгоритмдерін көрсете отырып, іске асыру тетіктері (институционалдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар):

Іс-шаралар

Мерзім

Жауапты мемлекеттік орган (лауазымды адам)

Бюджет

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

   2023 жылғы наурыз – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

2023 жылғы сәуір – Қазақстан Республикасы Үкіметі;

2023 жылғы мамыр –Қазақстан Республикасы Парламенті.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Талап етпейді

Заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңға тәуелді актілерге түзетулер енгізу (АШМ ережесі, Министрдің бұйрықтары).

2023 жыл ішінде

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Талап етпейді

 

 

  1. Ықтимал тәуекелдер:

Ықтимал тәуекелдер (оның ішінде әлеуметтік тәуекелдер)

Ықтимал тәуекелдердің себептері

Тәуекелдерді басқару жүйесі

                                       Жоқ

                            Жоқ

                           Жоқ

 

 

  1. Жария талқылауға арналған нысаналы топтар:

- орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесі;

- Қазақстан Республикасының азаматтары.

 

  1. Жария талқылау тәсілі:

Жария талқылауға арналған консультациялық құжат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

 

  1. Жария талқылау нәтижелері

 

№

р/с

Ұсынылатын шешім

Жұртшылықтың (нысаналы топтардың) қатынасы

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

  1. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны (заңнамалық актіні әзірлеу қажеттігі туралы шешім қабылданған жағдайда)

Заң жобасы 2 баптан тұрады:

1-бап-заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді:

- Қазақстан Республикасының Жер кодексі.

- «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы.

- «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңы.

- «Органикалық өнім өндіру туралы» ҚР Заңы.

- «Ветеринария туралы» ҚР Заңы.

- «Жайылымдар туралы» ҚР Заңы.

- «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» ҚР Заңы.

- «Бал ара шаруашылығы туралы» ҚР Заңы.

- «Астық туралы» ҚР Заңы.

- «Өсімдіктер карантині туралы» ҚР Заңы.

- «Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңы.

- «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңы.

- «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы.

2-бап-Осы Заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін көздейді.

 

  1. Оларды қайта қарау мерзімдерін көрсете отырып, енгізілетін реттеудің тиімділігін бағалау индикаторлары

Заңдар деңгейінде аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін функцияларды және заңға тәуелді актілерде заңдардың негізгі ережелерін егжей-тегжейлі көрсетуге бағытталған функцияларды белгілеу (қызметті жүзеге асыру тәртібін, келісу мерзімдерін, кезеңдерін, қажетті құжаттар тізбесін, құжаттардың үлгілік нысандарын, тізілімдерді әзірлеу және бекіту және т.б.) заңға түзетулер енгізуді қысқартады.

Бұдан басқа, уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдауы агроөнеркәсіптік кешен саласында туындайтын жағдайларды (проблемаларды) шешуді жеделдетеді.

Ұсынылған өзгерістердің тиімділігін бағалау үшін кем дегенде бір жыл құқық қолдану практикасы қажет.

 

 

 

 

Дата публикации
17 апреля 2023